Sport

Халық қалауы – ХОККЕЙ

_50A9328

Астана бүгінде шын мәнінде хоккей қаласы болғандай. КХЛ чемпионатында ойнайтын «Барыс» тек астаналықтар үшін емес, барша қазақстандықтардың сүйікті командасына айналып отыр. МХЛ чемпионатында «Снежные барсы», Қазақстан чемпионатында «Номад» және «Астана» командалары өнер көрсетіп жүр. Ал балалар мен жасөспірімдер командаларының да айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүргенін атап өткіміз келеді.

Астана қаласындағы №10 Балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервті даярлайтын мамандандырылған спорт мектебі базасында бүгінгі таңда жеті жас шамасы бойынша хоккейшілер тәрбиеленуде. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы республика чемпионатына тұрақты қатысатын астаналық хоккейшілер үнемі жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр десек болады. Мәселен, биылғы маусымды алар болсақ, жеті жас шамасы бойынша өткен Қазақстан чемпионатында астаналықтар үш алтын, екі күміс және екі қола медаль иегері атанды. Атап айтқанда, 1997-1998, 2003 және 2004 жылы туғандар арасындағы республика чемпионы атағын жеңіп алса, 2001 және 2005 жылы туғандар командалары күміс, 2000 және 2002 жылғы астаналықтар қола жүлдегер атанды.
Ел және елорда хоккейінің келешегі үшін хоккей шеберлерін дайындап жүрген А.Заводов, В.Коробенко, А.Кисель, Қ.Майжолов, А.Струков, П.Макеров, И.Черников, В.Зыкин сынды бапкерлердің де еңбегі ұшан-теңіз екенін айтқымыз келеді.
Түптеп айтқанда, «Барыс» спорт кешенініде болып, терлеп-тепшіп жаттығып жүрген, хоккей десе ішкен асын жерге қоюға әзір тұрған балаларды көргенде Астанада хоккей спортының болашағы баянды болатынына сеніммен қарадық.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button