Құқық

Интернет алаяқтыққа тосқауыл бар ма?

Соңғы жылдары интернет-алаяқтықтың саны едәуір артты. Егер 2018 жылы 4 мың интернет-алаяқтық тіркелсе, 2019 жылы шамамен екі есе көп, ал ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша олардың саны 5 мыңнан асып кеткенін көріп отырмыз.

Алаяқтықтың ең көп тараған түріне интернет-дүкендерде тауарларды сату туралы хабарландыруларды орналастыру жатады. Әдетте, алаяқтар клиенттерін тауар немесе ұсынылатын қызметке төмен баға қойып тартады,оны мерзімнің тығыздығымен байланысты түсіндіреді. Сатып алушылардан ақшаны электрондық есеп-шоттарға немесе банк картасына аудару арқылы алдын ала төлемді немесе толық төлемді енгізуді сұрайтын алаяқтар мақсатына жеткесін телефон нөмірлерін ажыратып, байланысқа шықпайды.
Соңғы уақытта, әлеуметтік желілерде ақшаны «айналдыру» деп аталатын жарнамалар өте танымал, олар табысты бизнеске, инвестициялық компанияларға салуды ұсынады, аз уақытта дивидендтерге уәде етеді және т.б. басқа құрбандарды тарту үшін алғашқы уақытта алаяқтықтың басқа құрбандары есебінен жасалатын шағын сомалар төленуі мүмкін. Үлкен сома жинақталғаннан кейін алаяқ төлемді тоқтатады.
Осындай қылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында ішкі істер министрлігі бірқатар ұйымдастыру-практикалық шаралар қабылдауда. Жыл сайын интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ведомстволық жоспар іске асырылуда, онда тергеу сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар, алдын алу және өзге де ұйымдастыру шаралары көзделген.
Сонымен бірге алаяқтар хабарландыру бойынша қоңырау шалып, жәбірленушілерге тауар үшін кепілақы алуды ұсынады. Аудару үшін картаның нөмірін хабарлауды сұрайды. Біраз уақыттан кейін ол қайтадан қоңырау шалып, ақша аудару үшін қажет болатын телефонға келіп түскен SMS-кодты хабарлауды сұрайды. Код алаяқтарға интернет-банкингті қосу үшін қажет. Сондай-ақ азаматтардың ұялы телефондарына «банк өкілдері» атынан хабарласып, банк клиентінің карточкасынан рұқсатсыз аударылғаны туралы хабарлайтындары да бар. Операцияны бұғаттау үшін пластикалық картаның деректерін, оның ішінде CVV-кодтың артқы жағында көрсетілген мәліметтерді нақтылауды ұсынады. Одан әрі карта туралы берілген деректер пайдаланушының шотынан ақша аударымдарын жүргізу үшін пайдаланылады.
Пәтерлерді, қымбат автокөліктерді сатып алумен байланысты алаяқтық жағдайда пәтерді, автокөлікті сату туралы жалған хабарландырулар орналастырады. Әдетте сатып алушы нөмірге қоңырау шалмайды, хат жазысады. Хат алмасу барысында алаяқ басқа қалада немесе шетелде екенін түсіндіреді. Ақша бар екеніне кепілдік ретінде халықаралық төлем жүйесінде (Western Union және т.б.) өзіне немесе туысына шот ашуды және онда келісілген соманы аударуды сұрайды. Бұл жерде алдау тәсілі төлем нөмірін иелену арқылы, ақшалай қаражатқа есеп-шот иесінің атымен жалған құжаттар әзірлеу арқылы қол жеткізеді. Бұдан бөлек мұқтаж немесе ауыр науқас адамдарға қайырымдылық жасау сылтауымен ақшаны иемдену жағдайлары да көп. Ақша қаражатын аудару үшін оларға карточкалық шоттардың деректемелерін беруді немесе дербес шоттардың деректемелерін көрсете отырып сауалнаманы толтыруды сұрайды. Қажетті ақпаратты алғаннан кейін алаяқтар карточкалық шоттардағы ақшаны иемденіп кетеді. Одан бөлек соңғы уақытта азаматтардың жеке деректерін әртүрлі тәсілдермен иеленіп, олардың атынан микрокредиттік ұйымдарда онлайн-несие ресімдеу кең етек алуда. Осы себепті азаматтарға өзіңіз қолданатын компьютерде, смартфонда лицензиясы бар және вирусқа қарсы бағдарламалардың орнатылуын қадағалауды; автокөлік, пәтер ұтып алғаныңыз туралы хабарлама алған жағдайда, өзіңізге таныс емес адамдардың электрондық есеп-шоттарына ешуақытта ақша аударуға болмайтынын; интернет арқылы сауда жасағанда алдын ала ақшалай қаражатты жіберуге болмайтынын; егер банк карточкаңыздың бұғатталғаны туралы телефоныңызға қоңырау шалса немесе СМС-хабарлама жіберілсе онымен байланысқа түспестен бұрын, ресми колл-орталығына қоңырау шалу керектігін; интернет желісі арқылы ұшақ, темір жол билеттерін сатып алуда тек сенімді ресми-сайттарды ғана қолдану; электрондық поштаңызға, әлеуметтік желідегі аккаунттарыңызға және телефоныңызға келіп түскен белгісіз интернет-ресурстарға сілтеме арқылы кіруге және онда көрсетілген сұрақтарға жауап беруге болмайтынын; ЖСН, банк реквизиттері, геомәліметтері бар фотоларды ашық көздер бойынша беруге және жариялауға болмайтынын ескертеміз.

Әлібек ОРАЗАЛЫ,
ІІМ Криминалдық полиция
департаменті
Киберқылмысқа қарсы
күрес орталығының
аса маңызды істер
жөніндегі аға жедел уәкілі,
полиция
подполковнигі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button