Карантин

Кинотеатрлар қауіпсіз бе?



Елордадағы кинотеатрлар тексерілді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Хан-Шатыр» және «Керуен» сауда ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрларға бас сұғып, санитарлық талаптардың қаншалықты сақталатынын анықтады.

«Жалпы, нәтижелер қанағаттанарлық. Арақашықтық белгілерін жаңарту, сондай-ақ кинотеатрлардан шыққан кезде әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы бірқатар ескертпелер айтылды. Осы ескертулерді түзеткеннен кейін кинотеатрлар өз жұмысын жалғастыра алады» деді Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және сервистік қызметті дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.
Елордадағы кинотеатрлар 26 желтоқсаннан бастап жұмысын қайта бастады. Орындар санын 30 пайыздан асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызу арқылы күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуде. Жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақыты – 10:00-ден 24:00-ге дейін, акциялар өткізілмейді. Карантин және шектеу шараларын бұзу фактілері анықталған жағдайда кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button