Карантин

Карантин талаптары сақталады

10 қаңтар күні өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауында COVID-19 індетінен қорғанудың тиісті шаралары толықтай сақталады.

– Сайлау процесіне қатысушылар әлеуметтік арақашықтықты ұстап, бетперде тағуы тиіс. Комиссия мүшелері, бақылаушылар медициналық қолғаптар киюге міндетті. Олар арнайы сақтандырғыш шынының артында отырады. Сайлау учаскесінде қолды дезинфекция­лауға арналған антисептикалық құралдары орнатылады, – деді Алматы ауданындағы №309 сайлау учаскесінің төрағасы Батырхан Жұмабаев.
Биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі – дауыс беретін кабиналарға перде тұтылмаған. Ол да кабинада ауа ағысы процесі еркін айналып тұруы үшін қажет.
Учаске төрағасы келушілерді қол алысып амандасудан немесе басқадай жанасып байланысудан сақтану керектігін айтады. Дауыс берушілер, сондай-ақ өздерімен бірге жеке автоқаламдарын ала келулері қажет. Сайлау учаскесінде мезгіл-мезгіл ылғалды тазалау жүргізіліп тұрады. Егер сайлауға қатысушы КВИ-ден емделіп, карантинде болса, ол жөнінде комиссия мүшелеріне алдын ала ескертуі тиіс.

COVID-19 таралу қарқыны бойынша «қызыл» және «сары аймақтарда» орналасқан өңірлерде сайлау комиссияларының барлық мүшесі, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар сайлау өткізу басталғанға дейін 5 тәуліктен ерте емес уақытта ПТР-тест тапсыруы тиіс. Учаскеге зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдар жіберілмейді.
– Қазіргі күні біздің қызметкерлеріміз тұрғындарға тізім бойынша сайлауға шақыртулар таратып жүр. ПИК-термен бірлесіп аулаларда сайлауға қатысты ақпараттар іліп жатырмыз, – деді Батырхан Жұмабаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button