Сайлау - 2021

Сан түрлі сауал қойды

Nur Otan партиясы атынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстары аясында елордадағы Ақмола вагон жөндеу зауытына барды.

Аталған зауыт – еліміздің шина құрылысы саласындағы бірден-бір мамандандырылған кәсіпорын. 1941 жылы шеберхана болып ашылып, кейіннен вагон жөндеу зауытына айналған. Ел экономикасын дамытуға зор үлес қосып жатқан осы зауыт ұжымымен кездескен үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Үміткерлердің бірі Бауыржан Смаилов – «Ақмола құрылыс материалдары» компаниясының төрағасы және қалалық қоғамдық кеңес мүшесі. Екінші үміткер Шахим Насибов – «Астана Нұр дәстүрі» ЖШС бас директоры. Екеуінің де сайлауалды бағдарламада ерекше басымдық беретін саласы – газдандыру жұмыс­тары екен.
– Кеше бір үйге барып, оларға қалай газ келгенін өз көзіммен көрдім. Елбасының тапсырмасы орындалды. Халық риза болып жатыр. Көмірмен отырғанда жел болмаса қаланы көк түтін басады. Сондықтан келесі жылы толықтай газ тартылған кезде сондай проблемалар жойылып, бұл тұрғындардың денсаулығына да оң әсерін берері сөзсіз, – деді Б.Смаилов. Оның айтуынша, газдандыру арқылы қаланың әлеуметтік және экологиялық мәселелері шешімін табады.
Ал Ш.Насибов Нұр-Сұлтан әлемде ең лас 5 қаланың ішінде болғанына қынжылыс білдіріп, осы сайлау науқанына түсу арқылы экологиялық мәселелерді шешкісі келетінін жеткізді.
«Шын мәнінде аурудың көбіне нашар экология себеп. Тағы бір айта кетерлік мәселе – біздің астанамыз аса бір жасыл желегі жайқалған қала емес. Сондықтан көбірек ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру керек. Осы орайда Елбасының Жасыл белдеуді жандандыруға тапсырма беруі – осы мәселені шешуге септігін тигізері сөзсіз» деді Ш.Насибов.
Зауыт қызметкерлері нұр­отандықтардан қаланың шетіндегі зауыт орналасқан жердің өзекті мәселелерін шешіп беруді сұрады. Әсіресе, жолдарды жөндеу, автобустардың қатынауын жиілету, жылы аялдамалар салу туралы да сұрақтарын қойды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button