Сайлау - 2021

«Астана орманы» ұжымымен кездесті

Nur Otan партиясы елорда филиалы атынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Астана орманы» кәсіпорны ұжымымен кездесті. Жиынға депутаттыққа үміткерлер – «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев, бизнес өкілі Шахим Насибов, №1 автобус паркінің басшысы Нұрмахан Пулатов қатысты.

«Нұр-Сұлтан қаласы – менің туған қалам, осында мектеп бітірдім, сондықтан жерлестерімнің өмірін жақсарта түсу үшін мәслихат депутаттығына түсіп, бақ сынаудамын. Теміржол компаниясының бас инженері болып еңбек етемін. Өндіріспен, қауіпсіздікпен, біздің қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартумен байланысты мәселелермен күнде ұшырасып, соларды шешуге атсалысамын. Депутаттыққа үміткер ретінде менің бағдарламам партияның сайлауалды бағдарламасымен көтеретін тақырыптары бойынша мазмұндас. Менің бағдарламам «Жаңаруға бес қадам» деп аталады!» деді Батыр Котырев. Ол өз сөзінде ағаш отырғызатын жерлерге машиналар қоқыс төгіп, экологиялық заң бұзу фактілері кездесіп жатқанын айтты.
«Мен өзім осындай заң бұзушылықтармен күресемін және елордада жүретін әрбір жүк көлігіне GPS-мониторинг орнату керек деп ұсыныс білдіремін, осы арқылы біз кім қай жерде заң бұзғанын нақты біле аламыз. Мұның бәрін бақылауға болады. Сондай кемшіліктер байқасаңыздар маған тікелей хабарласа беріңіздер» деп жалғады ол сөзін.
№1 автобус паркінің басшысы Нұрмахан Пулатов өз кезегінде қалада экологиялық қалдықтар мәселесін шешудің бір жолы ретінде елорданы газдандыру мәселесін көтерді. «Қаладағы экологиялық қалдықтардың 70 пайызын жоюға газдандыру жұмыстары көмектеседі. Бірінші кезекте газ Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный және Промышленный тұрғын үй алаптарына беріледі. ТЭЦ-1 үш қазандығы газға қосылды, жылдың соңына дейін Көктал-1, Көктал-2 және Промышленный алаптарына газ жетеді. 2023 жылға дейін қаланың барлық аудандарын газбен қамту көзделуде, сонымен бір мезгілде қала маңы да газдандырылады. Негізінен, бұлар – 20 мың үйден тұратын жеке сектор, онда шамамен 240 мың адам тұрады. 2021 жылы Мичурин, Күйгенжар, Оңтүстік-шығыс, Агроқалашық және 2023 жылы Интернациональный, Тельман, Пригородный, Гарден Виледж, Шұбар, Өндіріс және Үркерге кезек келеді. Бұл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, көмір алуға кететін шығынды азайтады. Елорданы газдандыру – Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының 10 бағытының бірі» деді Н.Пулатов.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button