Карантин

Тестілеуден өтеді

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы қаулысы шықты.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі қоса берілген алгоритм бекітілсін» делінген құжатта.
Сонымен қатар облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері: эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін күніне дейінгі кезеңде тәуекелі жоғары және орташа аймақтарда «қызыл» және «сары аймақтарда» болатын өңірлерде сайлау комиссияларының мүшелерін, сенім білдірілген адамдарды, байқаушыларды ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу­ді (бұдан әрі – ПТР-тестілеу) ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Елді мекендер бөлінісінде ПТР-тестілеуге жататын адамдардың тізімдерін жасайды және «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы», «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалдарына және ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне ұсынады. Сайлау процесіне барлық қатысушылар: 1) бір рет қолданылатын медициналық немесе қорғаныш маскаларын (бұдан әрі – маскалар) тағу режимін сақтауы; 2) қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдалануы; 3) адамдар арасында бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы; 4) қол алысуды не тікелей байланыстың басқа да түрлерін болдырмауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button