Сайлау - 2021

Жастарға – жаңа бағдарлама

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлер, Nur Otan партиясының мүшелері Саламат Ахметов пен Қанат Алин «Қазақстан» спорт кешенінің қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді.

«Қаңтар айының 10-ы күні өтетін сайлауға партиямыз белсенді түрде қатысуда. Басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Елорда тұрғындары үшін бағдарламамызда негізгі 10 бағытқа басымдық бердік. Олардың ішінде бақытты отбасы, қолжетімді баспана, шет аймақтарды абаттандыру, жолдар, газ тарту, қала экологиясы, қоғамдық қауіпсіздік пен шағын және орта бизнесті дамыту сынды жобалар қарастырылған. Осы мәселелерге арнайы бағдарлама қабылданды. Сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қатаң бақылауда ұстаймыз» деді қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Саламат Ахметов.
Кездесу барысында мекеме қызметкерлері «Жастарымызды тұрғын үймен қамтуға байланыс­ты қандай істер атқарылуда?» деген сұрақ қойды.
Саламат Ахметовтың айтуынша 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында жұмысшы жастарға 1 050 пәтердің кілті табысталған. Биыл еліміздегі орын алған пандемияға байланысты жастарға 350 пәтер беріледі. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жұмыс істеп жатқан жастарға шабыт беру, екіншіден, жастар 5 жылдың ішінде пәтерді жалға алып тұрған кезде тапқан қаражаттарын жинап, жеке үйлерін сатып алуға жағдай жасау. Ал келесі жылдың көктемінен бастап «Елорда жастары» атты жаңа бағдарлама іске қосылмақшы.
«Біздің елімізде спортқа көп көңіл бөлінуде. Бұл – ел ертеңіне балаларымыздың болашағына қосқан үлкен үлесіміз. Президент те өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту туралы арнайы тапсырма берді. Елімізде көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға тегін спорттық үйірмелерге қатысуға жағдай жасалған. Бұл орайда партияның атқарып келе жатқан жұмыстарын көріп жүрміз. 2018 жылы «Мектеп лигасы» жобасы аясында ауылдық жерлердегі спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп, бірнеше мектепте үйір­мелер аштық. Соның ішінде балалар үйі де бар. Сондықтан сайлауда партияны қолдауымыз керек» деді қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Қанат Алин.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button