Сайлау - 2021

Ауыл шаруашылығы өндірісін қалай дамытамыз?

Кеше «Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісіне үміткерлер – партия төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков пен белгілі тележурналист Зейін Әліпбек Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесті. Аталмыш жүздесу онлайн форматта ұйымдастырылды.

Жиынға қатысушылар БАҚ-тағы қазақ тілді контентті ұлғайту мәселесі бойынша пікір алмасты. Талайымызға алтын бесік болған ауылдардың өзекті мәселелерін талқылады. Қазір қалаға қарағанда, ауыл тұрғындары азшылыққа айналды. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ауыл халқының басына түскен түрлі ауыртпалықтар, соның ішінде жұмыссыздық оларды шаһарларға көшуге мәжбүрледі. Т.Рақымбековтің пікірінше, осы күндері тұтастай ауылдық округтер жабылып, қаңырап қалып жатыр. Соның ішінде кеңшарлар, ұжымшарлар бос қалуда. Қалаға көштің қарқыны әлі бәсеңдеген емес.
– Қазіргі басты проблеманың бірі – ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру болып отыр. Ауылдардағы шағын және жеке үй шаруа­шылықтарына нақты көмек көрсетілсе, ауылда жұмыс орындары көбейіп, тауар өнімі еселеп артып, бәсекелестікте еңбекақы көлемі де өсіп, халықтың ағыны ауылдан қалаға емес, керісінше болар еді. Қаладан ауылға баратын жастарға шағын бизнес құруына мүмкіндік беріп, өндірген тауарын таратуға мемлекет тарапынан жәрдем жасалып, түрлі материалдық қолдау берілсе, ауыл бизнесі дамып, елдегі қалалардың бәрін азық-түлікпен және киім-кешекпен толық қамтамасыз етуіне жағдай бар, – деді Т.Рақымбеков.
Кездесуде БАҚ-тарда ауыл мәселесін көтеру жайы әңгіме болды. «Бұқаралық ақпарат құралдары ауылдар мәселелерін көтерудей-ақ көтеріп жатыр. Одан қандай нәтиже шығып жатыр? Бұл тиісті жеріне жетіп жатыр ма? Тиісті органдар оған құлақ асып жатыр ма? Мәселе сонда. Осы жағы ойландырады» деді З.Әліпбек.
Сондай-ақ кездесуде ауылдарды интернетпен қамту, аудандық газеттерді қолдау, оларға кадр тарту мәселелері де сөз болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button