Сайлау - 2021

Спорт жайын саралады

Кеше Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер, «Нұр Отан» партиясының мүшелері Владислав Сергеев, Азамат Айтхожин және Ерлан Дәкенов Қазақстан футбол федерациясы Zoom платформасында ұйымдастырған кездесуге қатысып, партияның бағдарламасын таныстырып, еліміздегі және елордамыздағы футбол мәселесін талқылап, бұқаралық спортты дамыту бойынша ойларымен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар алдында алдымен Владислав Сергеев сөйлеп, Қазақстан футбол федерациясы «Нұр Отан» партия­сымен үнемі қарым-қатынас ұстап, елімізде, сонымен қатар бас қалада футболды бұқаралық спорт ретінде дамытуға үлкен үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтхожинге платформа желісі бойынша бірнеше адам сұрақ қойды.
– Биыл пандемия жағдайына байланысты барлық салада өзгерістер болып жатқанын білесіздер. Бірақ федерация тарапынан ел чемпионатын басқа формада өткізу туралы шешім қабылданып, барлық деңгейдегі жарыстар өткізілді. Ал балалар мен жастар футболына келер болсақ, қазіргі кезде тек қана кәсіби футбол орталықтары ғана емес, сонымен қатар жеке футбол мектептерінің жұмысына да көңіл бөліп отырмыз. Өйткені футбол өзінің маңыздылығына қарай нағыз бұқаралық спорт болып саналады. Бүгінгі таңда еліміздің бірнеше аймақтарында «Футбол сабағы» өткізіледі. Бұл жоба әрі қарай ұлғайып жалғасатын болады. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында жүргізіліп жатқан үгіт-насихат науқаны кезінде бірқатар спорт нысандарында болып, инфрақұрылымдармен танысып, осы бағыттағы мәселелерге ерекше мән беріп отырмыз. Қаланың барлық аудандарында көпшілік үшін, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге қолжетімді спорт нысандарының болғанын қалайтынымызды айтқымыз келеді, – деді Азамат Айтхожин.
Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ерлан Дәкенов кездесуге қатысушыларға «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында мәдениет және спорт бойынша айқындалған міндеттер мен жоспарлар жайында айтып берді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button