Жаңалықтар

Кішкентай көшбасшылар

Оқушылар сарайында қала­лық білім беру мекеме­лерінің шәкірттері арасында Тұңғыш Президент күніне арналған «Көшбасшы оқушы» зияткер­лік сайысы өтті.

– Бұл конкурс жыл сайын ұйымдасты­рылады. Біздің жастар өте білімді, зерек әрі талантты. Олар түрлі олимпиада­ларға, жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүр, – дейді «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаева.
Үш кезеңнен тұратын байқау барысында қатысушылар мектеп пәндері бойынша білімін ортаға салып, ой-өрісінің кеңдігін, көшбасшылық және шешендік қабілетін, логикалық және психологиялық тапсырмаларды орындау шеберлігін дәлелдеді. Нәтижесінде бас жүлдені №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Айым Әбдіқадір қанжығасына байлады. I орын №81 «Astana English School» гимназиясының оқушысы Аружан Отарбековаға, ІІ орын Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның оқушысы Диас Төлепберген мен №51 мектеп-гимназияның оқушысы Аружан Қалиға, ІІІ орын №52 мектеп-гимназияның оқушысы Әлішер Абдрахман, №38 мектеп-лицейдің оқушысы Талғат Кашкеев және №6 гимназияның оқушысы Даяна Тасбауоваға бұйырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button