Қала мен Сала

Көпбалалы отбасылар қуанышы

Кеше елордадан Екібастұз қаласына 27 отбасы аттанып кетті. Бес автобуспен, бірнеше жүк көлігіне дүние-мүлігін тиеген қоныс аударушылар қатарында бала-шағасымен қосқанда 142 адам болды. Бәрі – көпбалалы отбасылар.

Павлодар облысы Екібастұз қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Айгүл Шабекова:
– Біз бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен жасалған келісімге сәйкес елорданың 142 тұрғынын Екібастұзға алып барамыз. Ол жерде оларға пәтер беріледі, со­нымен қатар жұмысқа орналастыруға жәрдемдесеміз. Балалары балабақшаға, мектепке баратын болады.

Гүлжазира Қыдырбаева, көпбалалы ана:
– Біз елордамызға 2012 жылы Түркістан облысынан көшіп келген болатынбыз. Ол кезде төрт баламыз болған. Ал бесінші баламыз осы Нұр-Сұлтан қаласында туды. Енді, міне, бесінші сәбиімді күтіп жүрмін. Ол енді Екібастұз қаласының тумасы болады. Елордаға келгелі пәтер жалдап өмір сүрдік. Күйеуімде тұрақты жұмыс болмады. Бірде құрылысшы, бірде жұмысшы болып жүрді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің осы ұсынысын қабыл­дап, қоныс аударып барамыз. Ең бас­тысы, жұмысымыз болса дейміз.
Екібастұзға аттанған жұртшы­лықтың жүзінен үміт пен сенімді, қуаныш пен қобалжуды да сезіндік. Жаңа жерге сапар шеккен көпшілікке, жолдарың болсын деген тілек қостық.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button