ЖаңалықтарРухани жаңғыру

Мектептерде музейлер ашылады

Қазақстанның өнер майталмандарын және еліміздің басқа да тарихи тұлғаларын жас ұрпаққа таныту мақсатында Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Музей – тарих айнасы» жобасы әзірленуде.

Қазіргі таңда балалардың халық мұрасына және тарихи өлкелерді терең зерттеуге қызығушылығын ояту үшін елорда мектептерінде 17 музей жұмыс істеп жатыр. Былтыр оның қатары 3 музейге толықты. Атап айтқанда, Міржақып Дулатовқа №68 мектепте, Ілияс Есенберлинге №67 гимназия­да және №78 мектеп-­гимназияда Смағұл Садуа­қас­ұлына музейлер ашылды.
Биыл мектептерде тағы 10 музейді ашу жоспарланды. Олардың арасында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұқағали Мақатаев, Бауыржан Момышұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Нәзір Төреқұлов, Мұстафа Шоқай, т.б. тұлғаларға арналған музейлер бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button