Жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарламалар барысы талқыланды

Кеше әкімдікте қала басшысы Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен мемлекеттік бағдарламалардың іске асыру жолдарын талқылаған жиын өтті.

Алдымен күн тәртібінде 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының жұмысы сөз болды. Бұл мәселе жайында әкімнің орынбасары Нұрлан Нүркенов баяндама жасады. Оның айтуынша, соңғы үш жылда тұрғындардың медициналық көмек көрсетудің сапасына көңілдері толарлық. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бас қалада адамның өмір сүру ұзақтығы 76,2 жасқа жеткен.
Әкім орынбасары Н.Нүркенов еліміздегі тұрғын­дардың жасын ұзарту бойынша елорда алдыңғы орында екенін айтты. Бұл бас қаладағы медицина саласындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жақсарып отыр. Сондай-ақ елордада сәбилердің өмірге келу деңгейі жоғары. Түрлі аурулардан болатын өлім-жітім де азайған.
Одан кейін қала бюджетінің орындалуы, 2016-2019 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жұмысы да тал­қыланды.
Елорда басшысы өз сөзінде мектеп­тердегі оқушылардың шамадан тыс толық болуы да өзекті мәселенің бірі екендігін атап өтті. Жиын барысында Астана әкімі өз орынбасарларына инвестициялық жобалардың іске асырылуын уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды. «Біз сөз еткен бағдарламалар жұмысы биыл аяқталады. Алдымызда аз ғана уақыт қалды. Оған дейін біраз шаруаларды бітіруіміз қажет. Ең бастысы, бұл шаралардың бәрі әлеуметтік салаға қатысты болып отыр» деді Бақыт Сұлтанов.
Отырыста қаладағы жауған қарды шығару мәселесі де назардан тыс қалмады. Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин Наурыз мерекесі қарсаңында шаһарды безендіру жұмыс­тары туралы баяндама жасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button