Елорда тынысы

Мемлекеттік қызметтегі әйелдер

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен елордада «Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мемлекеттік қызметте әйелдер ерлермен тең мансап құра ала ма? Қызметке қабылдау және жұмыстан шығару кезінде олардың құқығы сақтала ма? Жалпы мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлі қандай? Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған диалог алаңында бірқатар сарапшы осы мәселелерді талқылады. Жиын мақсаты – мемлекеттік аппаратта қызмет атқаратын нәзік жандардың құқықтық жағдайын айқындау, кәсіби дағдыларын дамыту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру.

Дөңгелек үстелге Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Мусин, Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі комиссия орынбасары Назгүл Мақжан, Астана қаласы Полиция департаменті имидждік жұмыс және ішкі коммуникация бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова және қалалық әйелдер істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі комиссия мүшесі Лимана Қойшиева және астаналық мемлекеттік қызметшілер қатысты.

«Қазір мемлекеттік қызметте жүрген әйелдер білікті және тәжірибелі кәсіби маман ретінде өзгелерге үлгі бола отырып, оларды ілгерілетуге үлесін қосуы керек. Өкінішке қарай, бүгінде адал, әділ мемлекетшілдік бейнеге деген сенім азайған және бұл негізсіз емес. Сондықтан біз әрбір мемлекеттік қызметшінің және тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджіне теріс ықпал ететін барлық жағымсыз жағдайды болдырмау бағытында жұмыс істеуіміз керек. Бұл Президенттің бастамасымен айтылған саяси реформаларды жүзеге асыруға ықпал етеді» деді өз сөзінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әбдіқахар Сламқұл.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button