Елорда тынысы

Бочча турнирі басталды

Бас қалада Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған боччадан ашық республикалық турнирдің байрағы көтерілді. Қазақстанның 8 өңірінен келген параспортшылар «Аспан» спорт кешенінде бақ сынауда.

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, елімізде 200-ден астам параспортшы боччамен айналысады.

– Биыл 13 спортшы Ұлттық паралимпиадалық құрамаға қабылданды. Біздің құрама Параазиялық ойындарға қатысты, бұл – үлкен жетістік. Ми­нистрлік тарапынан елімізде осы спорт түрін дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіледі, – деді ашылу салтанаты кезінде комитет төрағасы.

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит бочча спорты мүмкіндігі шектеулі балалардың қиындықты жеңуге ынталандыратынын атап өтті.

Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы Нұргүл Үлжекованың айтуынша, Қазақстанда бочча спортын қалыптастыруға Сұлтанбек Орынбасаров үлкен үлес қосқан, сондықтан бұл турнир жаттықтырушының еңбегіне құрмет ретінде ұйымдастырылған.

Бочча – бұл тірек-қимылы қатты зақымданған адамдар үшін паралимпиялық спорт түрі саналатын доп ойыны. Турнир 6 наурызға дейін жалғасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button