Мәдениет

Музыкалық демалысқа шақырады

Республиканың жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарында және шетелдегі беделді оқу орындарында оқитын дарынды қазақстандық студенттердің «Астана Опера»
театрының камералық зал сахнасында өнер көрсетуі игі дәстүрге айналған. Ертең
«Астана Операдағы» музыкалық демалыс» жобасы аясында олардың екінші концерт өтеді.

Концертте П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Н.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерватория­сы, М.Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясы, Екатеринбург қаласындағы Орал мамандандырылған музыка мектеп-колледжі және басқа да оқу орындары студенттерінің орындауында отандық авторлар мен классик композиторлардың шығармалары шырқалады. Қатысушылардың барлығы да жас әртістер – беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары.

Атап айтқанда, халықаралық байқаулардың лауреаттары Марта Набатова (сопрано), Алмаз Раисов (тенор), Мария ­Шавтельская (фортепиано), Мәдина Мұсабекова (гобой), Диас Мұратов (кларнет), ­Ернар Сәлімбаев (кларнет, бас-кларнет). Фортепиано партиясы – Гүлжанат ­Жаңатаева, Жаңыл Рахымбекова, Мәдина Такеева.

Концертте  В.А. Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» операсынан Сюзаннаның ариясы,  Г.Гендельдің «Юлий Цезарь» операсынан Клеопатраның ариясы, С.Скотт, Дж.Россини, П.Чайковский, Ф.Шопен, С.Рахманинов, Ф.Пуленк, И.Брамс, Д.Беннет шығармалары мен қазақтың халық әні «Ахау, керім» әуелейді.

Концерт сағат 19.00-де басталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button