Білім

Өз ісінің шебері

№32 мектеп-гимназияда 8 жылдан бері жаттықтырушы Жантай ­Орманшин 3 топтың оқушыларын баскетболға баулып, түрлі деңгейдегі турнирлерде топ жаруына ұйытқы болып келеді.

Оның шәкірттері Астана қаласы мен ел чемпионатында 3 рет чемпион атанды. Спорт саласындағы үлкен жетістігінің бірі – Фран­цияда халықаралық мектеп лигасында 6-орын алуы. Халықаралық турнирде шәкірті Мирас Жексебай үш ұпайлық соққыдан әлем бойынша 2-орынға ие болды. Білім ордасының 6 спортшысы Қазақстанның MVP үздік ойыншысы атанды.

Тәжірибелі жаттықтырушы оқытудың түрлі әдіс-тәсілін қолдана отырып, жаттығуды қызықты әрі жүйелі өткізеді. Бастысы, шәкірттерімен жақын сөйлесіп, сырласып, рухтандырып отырады. Оқушыларға жеке-жеке мақсатын белгілеп, талап қойып, сенім артады. Буын сабақ­тастығына ерекше мән беріп, бірлескен жаттығуларды жиі-жиі өткізеді. Жас баскетболшылардың техникалық және тактикалық шеберлігін шыңдау мақсатында қалалық турнирлерге ұйытқы болып, командасы ойын тәжірибесін жинауға мән береді.

Жантай Орманшиннің жетістігі өз мамандығына деген зор сүйіспеншілігінен көрінеді.

Қымбат ЗЕЙНЕЛОВА,

№32 мектеп-гимназиясы директорының

орынбасары

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button