Жаңалықтар

Өкпені тегін тексереді

Елорда әкімдігі және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Туберкулезге ЖОҚ де!» кең ауқымды қалалық акциясы басталды. Қала тұрғындары, әсіресе, шеткері аймақтардағы тұрғындар 23 қазан мен 23 қараша аралығында бір ай бойына күн сайын жылжымалы флюорографиядан тегін тексеруден өте алады.

Шара негізінен, Промышленный, Тельман, Күйгенжар, Мичурино, Заречный, Пригородный, Железнодорожный, Өндіріс, Көктал және т.б. тұрғын аудандары мен сауда орталықтары, қала базарларында, сауда ойын-сауық орталықтарында жүргізіледі.
Шараның алғашқы күні жылжымалы медициналық кешен №5 отбасылық денсаулық орталығының ауласына тоқтап, Көктал-1,2 тұрғын аудандарындағы халықты медициналық қызметпен қамтыды.
Мамандардың мәліметінше, флюорографиялық тексерумен қатар тұрғындар туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша да консультация ала алады. Жылжымалы кешен жұмыс күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс күндері 11.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қолдауымен флюорографиялық тексеруді тұрақты тұрғылықты орны жоқ азаматтарға да жүргізу жоспарлануда.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button