Қоғам

Ортақ істің кілті – бірлікте

Қалалық Достық үйінде Бірлік күні аясында Қа­зақ­стан халқы ассамблеясының дөңгелек үстел отырысы өткізіліп, күн тәртібінде Мемлекет басшы­сы­ның Жолдауы талқыланды.

Жиынға қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері, Астана қаласы ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының, қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен мем­лекеттік мекеме қыз­меткерлері қатысты. Астана қаласы қо­ғамдық келісім ке­ңесінің тө­рағасы Әміржан Әлпейісов ха­лыққа Жолдауында Президент келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауы тарихи әрі стратегиялық маңызы бар шешім екенін атап өтті. «2019 жылы нақты істерге бағытталған жобалар мен жұмыстар қолға алынатын болады. Бұл жарқын істердің көпшілікке тиімді болатыны анық» деді ол. Ал Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері Татьяна Кошман мен Орақ Әлиев, Халил Маслов және Аналар кеңесінің төрайымы
Яннат Низамутдинова да Жол­дауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, ондағы айтылған мін­деттерді тиімді жүзеге асыру керектігін, ол үшін қоғамдағы әлеуметтік үйлесімділікті сақтау қажеттігін айтты.
Жиын барысында Астана қаласы Қазақстан халқы Ассам­блеясының хатшылығы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Жол­дауға бірауыздан қолдау көр­сетіп, оны жүзеге асырудағы өздеріне жүктелген жұмыстар мен міндеттерді нақтылады.
«Әрбір қазақстандық Отанды гүлдендіруге бағытталған реформа маңызын жете түсінуі тиіс. Қазір оны табысты жүзеге асыру үшін баршамыздың бірігуіміз аса маңызды болып отыр» деген болатын Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында. Бұл тұрғыда қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтып, этностар ынтымағын арттырып, халықты бірлікке үндеп, жұртшылықты ортақ іске біріктіру мақсатындағы Қазақстан халқы Ассам­блея­­сының атқарып жатқан қыз­метінің маңызы зор екенін айтады мамандар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button