Жаңалықтар

Отбасы құндылығын ойға салды

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Otbasy baqyt mekeni» жобасының алғашқы қойылымы жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» пьесасы сахналанды.

Бұл жобаның басты мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында отбасы құндылығын насихаттау. Осыған байланысты жыл соңына дейін үш қойылым жоспарланған. Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің төрінде алғашқы сахналанған пьеса 1941-1945 жылдардағы соғыс кезіндегі тылдағы халықтың, әсіресе, жасөспірімдердің өмірін, тіршілік-тауқыметін шындықпен суреттейді. Келесі кезекте қырғыз драматургі Мар Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы мен Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» драмасы қойылмақ. Қойылымнан шыққан студенттер мен жастар қажырлы еңбек пен ерліктің мән-мағынасын түйсініп шыққаны аңғарылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button