Қала тіршілігіМәдениет

ПА, ШІРКІН, LaScala!

дон-кихот-1 (1) 77777

Алғаш рет Қазақстанда, Астана тойында «Астана Опера» өнер ордасының киелі сахнасында әлемге әйгілі «LaScala» италиялық театры өнер көрсетеді! Атақты миландық театр Рудольф Нуриев редакциялаған Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балет-спектаклін сахналайды.

Испан ұлттық нақышында берілетін картиналар сахналанатын әсерлі декорацияны Рафаель Дель Савио, костюмдерді Анна Анни дайындады. Спектакльдің аранжировкасы мен бейімделуіне Джон Ланчбери еңбектенді. Атышулы италиялық әртістер «Астана Опера» симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен билейтін болады.

Отандастарымыз италиялық шеберлер сомдаған мұңлы сері Дон Кихоттың бейнесін Астана сахнасынан 30 маусым мен 4 шілде аралығында тамашалай алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button