Қала тіршілігіМәдениет

«ӘН ЖҮРЕГІМ – АСТАНА!»

IMG_8598

Осындай тақырыптағы жас орындаушылар арасындағы ән байқауы – Астана тойы аясында өтіп келе жатқан іргелі шара. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ән сайысына өтінімдер 20 маусымға дейін қабылданады. Төртінші жыл шымылдығын түрген байқау қоржынына Қазақстан Астанасы туралы жүзден аса жаңа әндер жинақталған екен.

«Ән жүрегім – Астана!» байқауы жас астана туралы авторлардың үздік әндерін қолдау мен дәріптеуге бағытталған. Расында, көркі көз сүйсіндірген ару қала талай ақын-сазгерлердің шығармаларына арқау болды. Астана жайында жазылған жаңа әндердің өзегінде отбасына, жаңа мүмкіндіктер ашқан сүйікті қала мен Отанға деген сүйіспеншілік жатыр. Ұйымдастырушылардың да көздегені осы – жастар жүрегіне азаматтық-патриоттық сезім ұялату. Сонымен бірге, бұл байқау – талантты жастардың өз өнерін кеңінен паш етуге жасалған тамаша мүмкіндік.

«Ән жүрегім – Астана!» республикалық ән байқауының биылғы тақырыбы Астана күнінің ұранымен үндес. Яғни, ақын-сазгерлер «Менің қалам – менің тағдырым. Туған күніңмен, Астана!» тақырыбына ән арнамақ.

Аталмыш байқаудың арнасы кең. Ағымдағы жылы шараға Қазақстанның 7 аймағынан өтінімдер жолданған. Жеңімпаздарды құрамы Қазақстанға танымал әртістерден тұратын қазылар алқасы анықтайды. Қатысушыларға қойылатын басты талап – жасы 30-дан аспауы және ән бағыты «Ән жүрегім – Астана!» байқауының негізгі тақырыбынан ауытқымауы тиіс.

«Ән жүрегім – Астана!» ән байқауының Гран-при иегері ұйымдастырушылармен бірлесіп республикалық телеарналар эфирінен таратылатын Астана туралы әнге бейнебаян түсіруге мүмкіндік алады. Ал басқа қатысушылар гала-концертте естелік дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button