Қала тіршілігі

Пәтер кілітін табыс етті

Нұр-Сұлтан қаласында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрған 900-ден аса салымшы көптен күтіп жүрген пәтерлеріне қол жеткізді. Бұл қуанышты шараға елорда басшысы Алтай Көлгінов қатысып, жаңа баспанаға ие болған тұрғындарға өз қолымен пәтер кілтін табыс етті.

«Біз үшін қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй салу өте маңызды. Жыл сайын мыңдаған отбасы Елбасы бекіткен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл жеңілдетілген тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артты» деді өз сөзінде қала әкімі.
Жаңа қолданысқа берілген көп қабатты тұрғын үй Есіл ауданында орналасқан. Оның бірінші қабатында әлеуметтік нысандар орналасқан. Сондай-ақ жаңа үйден бірқатар орталықтар ашу көзделіп отыр. Мысалы, соның бірі ретінде психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығын айтуға болады. Мұнда мамандар есту, қарым-қатынас және мінез-құлқында ерекшеліктері бар балаларды тексеруден өткізіп, көмек көрсетеді. Сонымен бірге Ұлттық спорт түрлерін дамыту мен қаладағы Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің студенттеріне арналған тәжірибе орталығы да іске қосылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button