Жаңалықтар

Қадірлі ұстаздар!

Баршаңызды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ұлы Абайдың сөзімен айтқанда, «Адамның адамшылығы – ұстаздан» дейді. Сіздер балаларға білім берумен, яғни зияткер ұрпақ тәрбиелеумен айналысасыз­дар. Бұл – үлкен абыройлы іс. Осы тәуелсіздік жылдары ­Елбасымыздың зияткер ұрпақ идеясына сәйкес көптеген білім ошағы бой көтерді. Қазіргі уақытта елордада 117 орта мектеп бар, 377 балабақша жұмыс істейді. 16 жоғары оқу орны, 33 колледж бар. Бұл білім ошақтарының барлығында мұғалімдер аянбай еңбек етуде. Мемлекет басшысы ұстаздың мәртебесі жөнінде заң қабылдады. Яғни, ұстаздарға деген мемлекеттік қамқорлық күшейді. Бұл – үлкен қолдау. Сондықтан сіздердің жұмыс­тарыңызға сәттілік тілегім келеді. Биылғы жыл ерекше жыл, пандемия барша мемлекетке қиындық туғызды. Сіздер осы ерекше жылы үлкен еңбек атқарып жатырсыздар. Осы еңбектеріңізге мол табыс тілеймін. Шәкірттеріңіз жетістіктерге жете берсін. Тәуелсіз еліміздің көк байрағын жоғары көтеретін азаматтар болып өсе берсін! Мереке құтты болсын!

Алтай КӨЛГІНОВ,
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button