Мәдениет

Қадыр ақынның әлемі

Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қадыр Мырза Әлі атындағы  BINOM School  мектеп-лицейінде ақынның туған күніне орай оның шығармашылығына арналған «Қадыр әлемі» тақырыбында фестиваль өткізілді.

Ақынның қазақ поэзиясына қосқан айрықша үлесін дәріптеп, көпшілікке тереңінен насихаттау мақсатында оның бүкіл болмыс-бітімін, тұлғалық қадір-қасиетін жеткіншектерге жеткізу мақсатында ұстаздар қауымы секцияларға бөлініп, үш бағытта бәйгеге түсті. Бірінші бағыт «Өлең – өнер пернесі» тақырыбында ақынның шығармашылығын бейнелеу өнері арқылы дәріптеуге бағытталса, «Бір жақсысы тілге ерік берген екен» атты екінші бағытта ақын өлеңдерін оқу және оған арнауларын оқуға мүмкіндік берілді. Ал үшінші «Қазақ осы – күй шығарып, ән салып» бағыты бойынша Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған әндерді орындау басты назарға алынды.

Шығармашылық фестивалінде ұстаздар арасында оза шауып, бәйге алған  жеңімпаздарды ақын, ғалым Серікзат Дүйсенғазы І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттап, белсенді қатысқан ұстаздарға арнайы сертификаттарды тапсыр­ды. Кеш соңы Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM School мектебінің ұстаздары әзірлеген ақынның сөзіне жазылған әуезді әндермен аяқталды.

 Айжан Серікқызы,

Астана қаласы
әкімдігінің «Руханият»
мемлекеттік мекемесі
баспасөз қызметінің
жетекшісі

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button