Жаңалықтар

Қала тарихымен танысты

Астаналық оқушылар мен колледж студенттері Астана қаласы Мемлекеттік мұрағаты ұйымдас­тырған «Астанам – менің бас қалам» байқауына қатысты. Байқау аясында олар том-том кітаптарды ақтарып отырып, қала тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.

Қаланың мемлекеттік мұ­рағатының құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы Бақыт Балтабаева байқау шарттары жыл басында «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінде жария­ланғанын жеткізді.
Байқауға қатысуға қы­рық­қа жуық мектеп оқушылары ниет білдірді. Соның ішінде бес аталым бойынша жеті жеңімпаз анықталды. Басты мақсат жасөспірімдердің елорда тарихын қай деңгейде білетіндігін саралау болды.
– Есімде қалған бірнеше жұмыстарды айта кетейін. Қалалық №35 мектептің 11-сынып оқушысы Игорь Ивановтың еңбегі ерекше. Ол Ақмоланың байырғы тұрғыны, өлкетанушы, жа­зушы Андрей Дубицкий туралы мақала жазды. Бүгінде Игорь тарих факультетіне оқуға түсуге дайын­далып жүр. Одан басқа
№4 мектеп-гимназиясының оқушысы Шұғыла Сапарбектің жұмысын атап кету керек. Сондай-ақ, балалардың қаланың көне орындарын суреттеген материалдары көпшіліктің көңілінен шықты, – деді Бақыт Балтабаева.
Марапаттау рәсімінде же­ңім­паздарға шағын кәдесый мен алғыс хаттар табысталды. Айта кетейік, байқауға Л. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің профессорлары қазылық етті.

Гүлдана Талғатқызы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button