Елорда тынысы

Қанатын жайып ­келеді

– Астана – еліміздің бас қаласы, тәуелсіз Қазақстанның тарихы төрінен орын алатын маңызды әрі ең ірі жоба. Астана мен үшін әрқашан болашақ пен мүмкіндіктердің қаласы, өз елордасына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын жандардың мекені болып елестейді. Елордамызды аз уақыт ішінде бүкіл әлем таныды. Отанымыздың жүрегіне айналған астанамыз күннен-күнге өркендеп, қанатын кеңге жайып келеді.

1998 жылы Астанаға келіп, еңбек жолымды жаңа қызметтен бас­тадым. Бейтаныс болғанымен, қала мені бірден құшақ жая қарсы алды. Алматы ауданының әкімдігінде, қалалық Білім басқармасында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қызмет атқардым. Менің барлық армандарым сүйікті қаламызда орындалды, жұмыста табысты болдым, отбасымда да жағымды жаңалықтар болды – ұлдарым ер жетті, немерелерім дүниеге келді. Астана – менің ең жақындарым тұратын сүйікті қалам!

Мен бақыттымын! Барлық әріптестеріме, басшыларыма, қаланың білім беру жүйесін басқару кезеңінде қолдау көрсеткен педагогтарға, барша жақсы жандарға алғысымды білдіргім келеді.

Қазір білім саласындағы қоғамдық жұмыс­тарға белсене араласа отырып, жас басшыларға педагогикалық, өмірлік тәжірибеммен бөлісіп жүрмін. Мен үшін елорда туралы кез келген пікір маңызды, жүрегіммен қабылдаймын. Астана өз мәртебесіне сай барлық жағынан үлгі болуы қажет. Ал әрбір тұрғын қаланың дамуына аз да болса үлес қосса, барлық армандар орындалатыны сөзсіз. Барша қазақстандықты Астана күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат пен бақ-береке тілеймін! Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

Әсима Бимендина, «Talap» КЕАҚ

Президентінің кеңесшісі, ұстаз

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button