Басты ақпаратҚала мен Сала

ҚАУІПТЕНУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

АСТАНАДА «АИТВ ТАҚЫРЫБЫН ЖАРИЯЛАУДАҒЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ РӨЛІ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТА СЕМИНАР ӨТТІ. СЕМИНАРДЫ ЕЛОРДАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИТС ОРТАЛЫҒЫ БІРЛЕСІП ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Сондай-ақ, жиынның өтуіне Қазақстан және Орта Азиялық АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қауымдастығы қолдау көрсетті. Астана қалалық ЖИТС орталығының бас дәрігері Сәбит Абраимовтың айтуынша, БАҚ халық арасында АИТВ туралы дұрыс ақпарат таратуы керек. Өйткені ол журналистер аталған ауруды тым қатерлі дерт сияқты етіп баяндап жүр.
– Шыны керек, азаматтардың арасында АИТВ туралы кері көзқарас жиі кездесіп жатады. Бұған, ең біріншіден, ақпараттандырудың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сондықтан да біздің орталық БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас орнатып, жұмыс жасап келеді. Алайда АИТВ мәселесін жариялау барысында бұқаралық ақпарат құралдары қателік жіберіп жатыр. Мәселен, «АИТВ – өлім үкімі, бұл – ХХІ ғасыр індеті» деген қорқынышты сөздер жиі айтылады. Осындай сөздерден кейін біздің қоғам аталған ауруды жұқтырған азаматтардан өлердей қорқады, – дейді ол.
Семинар барысында Марина Максимова мастер-класс өткізіп, АИТВ жұқпасы туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар аталған аурудың БАҚ-та қалай насихатталып жатқанын талқылады.

Миражан МАХАН,
№67 мектеп-гимназияның түлегі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button