Қала мен Сала

«Қауіпсіз жол» жедел іс-шарасы

Астаналық полицейлер заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген көлік жүргізушілерін анықтауға кірісті.

«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады. Оның аясында такси көліктерінің жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтау тәртібі де тексеріледі.

Ресми мәліметке сәйкес, 5 ақпаннан бері жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 такси жүргізуші анықталды. Бұдан бөлек, 46 жүргізуші нөмірсіз жүрген. 380 таксиші міндетті техникалық байқаудан өтпеген. Ал 500 адам жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған.

«Мәселен, Hyundai көлігін басқарған 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол «Яндекс» мобильді қосымшасымен адам тасыған. Бірақ қажетті тіркеу құжаттары болмады» дейді полицейлер.

Өзбекстан азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал көлік айып тұрағына қойылды.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button