Қала мен Сала

Ауланы жаңарту жобасы

Сарыарқа ауданында «Халықтық қатысатын бюджет» жобасы 6 жылдан астам уақыттан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде тұрғындардың 69 бастамасы іске асты. Өткен жылдың өзінде ауданда 40 аула жаңартылды, оның 24-і аталған жоба бойынша орындалды.

«Халықтық қатысатын бюджет» жобасы – абаттандыруға бөлінген қаражатты игеруге тұрғындардың қатысуы. Бағдарламаға қатысу үшін елорда тұрғындары ауланы немесе қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарын дайындап, оны аудандық аппараттың сайтына жүктеуі қажет. Содан кейін жобаны сараптау комиссиясы қарайды және мақұлдаған жағдайда дауыс беру кезеңіне өтеді. Ең көп дауыс жинаған жобалар іске асырылатын болады.

Ауланы абаттандыру жоспары тұрғындармен бірге толық қаралып, аудандық аппарат мамандарының көмегімен толықтырылады. Ауланы абаттандыру толық күрделі жөндеуді қамтиды. Оның ішінде: орамішілік аумақтарды асфальттау, шағын сәулет нысандарын ауыстыру, спорт алаңдарын жайластыру және т.б.

 

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button