Айтпайын-ақ деп едім!

Қазақстан шекарадан басталады



Түнгі екіден асқан кез. Біздер мінген ұшақ Нұрсұлтан ­Назарбаев халықаралық әуежайына келіп қонды. Алдымен астанамыздың суық желі қарсы алды. Сонда да арамыз­дағы томпақ бала елді қатты сағынған екен, борттың есігі ашылысымен: «О, Қазақстан!» деді де, ізінше «Алтын күн аспаны» деп әнге де қосып жіберді.

[smartslider3 slider=1304]

Жолсоқты болған  жолаушылар баланың көңіліне риза болып, жадырай күліп, шекаралық бақылаудан кезегімен өтіп жатты. Одан кейінгі есіктің көзінде «ПТР»-ден өткенімізді дәлелдейтін құжатты көрсету керек екен. Сынапты өткен тәулікте  қонақүйде тапсырып, теріс нәтижесін алып көңілімізді демеген болатынбыз. Оны ұшарда да тексерген болатын. Мәдениетті түрде, ағылған жолаушылардың бір-біріне кедергісін келтірмейтіндей жайма-шуақ жағдайда өткені есімде қалған. Ілтипатты, шалт қимылы түгіл артық сөзі жоқ, ізетті көрінген ол жақтың барша қызметкерлері.

Біздің елдегі бұл міндетті атқарған етжеңді, әйел-қызметкердің өктем дауысы құлаққа ерсі естілді. Топырлаған жолаушыларға жекіп сөйлеп, дегбіріңді алды. Күнде көріп көз үйренбеген қызмет формасына назарымыз түсті. Алқымын байлаған шүберекті буған қызыл бесжұлдыз да өткен заманның өшкен құрылымын еске түсірді. Осылайша, аз күн шетелдің мәдениетіне қанып, қызмет көрсету әдебін байқап, риза көңілмен келген көңілді мына әйелдің әміршідей әкіреңдеген мәнері бір сәтте жоқ қылды. Жалғыз мен емес,  жолаушылардың арасында Қазақстанға алғаш келгендер де бар. Олардың қандай әсерде қалғанын білмеймін. Бар болғаны, арқаның боранындай бұрқыраған шекара қызметкерінің алдында қылмысты болғандай кішірейіп, «ПТР» көрсетіп, өтіп жатты. Бір қарасам, «Алтын күн аспаным» деп асқақтаған баланың да көңілі пәс болып, басылып қалыпты. Рас, індет бар. Алдымен шекарадан келеді деп «Омикронды» да күтіп отырған болар. Бірақ, мұның бәрі адам мәдениетінің қызмет сапасына сын келтірмеуі керек емес пе?!




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button