Жаңалықтар

Қоршаған орта қалай қорғалып жатыр?

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасын талқыланды.

[smartslider3 slider=1303]

Қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия ­Қожабаева өз баяндамасында аталмыш басқарманың үш жылдық бюджеті жобасында 10 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылғанын атап өтті. Соның ішінде «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша мелиоративтік жұмыстарды жүргізуге, санитарлық тазалауға, құрамында сынабы бар шамдарды халықтан жинауға, залалсыздандыру және кәдеге жарату іс-шараларына қаражат көзделген.

Сондай-ақ «Жасыл белдеу» құруға, жаяу жүргіншілер аймақтарын қайта жаңарту және қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді, қолайлы жайластыруға, саябақтар құрылысына, 4 гүлзар құрылысын бастауға, профилактикалық дезинфекция мен дератизация жүргізуге қаржы бөлінді.

Мәслихат депутаты Бауыржан Жанқонақов құрамында сынабы бар шамдарды кәдеге жарату және оларға арналған контейнерлер мәселесін көтерді. Оның әріптесі Нұрдәулет Оразханов «Көктал» тұрғын алабындағы саябақтың нашар жағдайда екенін, отырғызылған көптеген көшеттер тамыр жаймағанын айтты. Дәл осындай мәселе Сарыарқа ауданындағы Қорғалжын тас жолы аумағында орын алған. Ондағы көптеген жасыл желек солып қалған.

Мәслихат хатшысы Ерлан ­Каналимов ағымдағы жылдың сәуір айында депутаттар жасыл желектерді цифрландыру, сондай-ақ жалпы көріністі бұзатын қурап қалған ағаштардың орнының босап, сиреп қалуы мәселесін көтеріп, сенбіліктер кезінде кеуіп қалған ағаштардың орнына нысаналы түрде ағаш отырғызуды ұйымдастыруды ұсынғанын атап өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button