Елорда тынысы

Тәуелсіздік және елбасы – егіз ұғым

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында БАҚ қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық конкурсының жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары, әріптесіміз Ғалым Қожабеков «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» номинациясы бойынша жүлделі болды.

[smartslider3 slider=1302]

ҚР Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен бұл шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы мен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырды. Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бас­тамаларын кеңінен тарату мақсатында өткізіліп отырған конкурсқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Түркия, Ұлыбритания, Ресей, Израиль, Иран, Канада, Әзербайжан, Тәжікстан және Украина елдерінің журналистерінен 400-ден астам жұмыс келіп түскен.

– Бұл шара жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіліп, жақсы дәстүрге айналды. Биыл конкурсымыз 6-шы рет өтуде және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Бұл рәсімнің Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні арасында өтуінің терең символдық мәні бар. Өйткені Тәуелсіздік және Елбасы Н.Назарбаев ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты, – деді ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы» ММ директоры Бақытжан Тілеуболат салтанатты рәсімде.

Байқаудың жеңімпаздары 5 номинация бойынша марапатталды.

 «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша 1-орын – Мухаммед Рузубайге («Business Türk» журналы, Түркия) бұйырса, 2, 3-орын – Ник Филдинг («East-West Review» журналы, Ұлыбритания) пен Андрей Выползовқа (Ресей-Қазақстан баспасөз орталығы, «Аргументы и Факты» газеті, Ресей) бұйырды.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» номинациясы бойынша  Абай Отар («Egemen Qazaqstan» газеті, Нұр-Сұлтан қ.) 1-орын алды. 2-орынды – Игорь Прохоров («Казахстанская правда» газеті, Нұр-Сұлтан қ.), 3-орынды – Ғалым Қожабеков («Astana aqshamy» газеті, Нұр-Сұлтан қ.) жеңіп алды.

«Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша 1-орын – Інжу Қабылдинаға («Хабар» телеарнасы, Нұр-Сұлтан қ.) берілсе, 2-орын – Ирина Якунинаға («Astana tv» телеарнасы, Өскемен қ.), 3-орын – Виталий Несіпбаевқа («Qazaqstan SARYARQA» телеарнасы, Қарағанды қ.) бұйырды.

«Үздік радиоматериал» номинациясы бойынша 1-орынды – Салтанат Сәдібекова (Қазақ радиосы, Нұр-Сұлтан қ.), 2-орынды – Алмира Елімсарина (Қазақ радиосы, Нұр-Сұлтан қ.), 3-орынды – Евгения Гришанина (N-S радиосы, Алматы қ.) иеленді.

«Ғаламтор БАҚ-тағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша 1-орынды – Әсел Әлішева («Деловой Казахстан» АСП, Алматы қ.), 2-орынды – Татьяна Казанцева («Литер» газеті, Нұр-­Сұлтан қ.), 3-орынды – Атсалим Идигов («Огни Алатау» газеті, Талдықорған қ.) иемденді.

– 2016 жылдан бастап өткізіп келе жатқан бұл байқаудың жыл сайын сапасы да артып келеді. 2019 жылдан бастап халқаралық деңгейге көтерілген байқауға тек Қазақстаннан емес, әлем журналистері де қатыса алады. Бұл Қазақстанды әлемге танытудың бір жолы деп білеміз. Журналистикада, экономикада және барлық салада шекара жоқ заманда мұндай конкурс­тардың пайдасы зор деп ойлаймын. Ол тілшілер мен контенттің сапасын көтеруде де үлкен рөл атқарды, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты      Дархан Мыңбай.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button