Басты ақпаратҚоғам

Қоғам мен биліктің дәнекері

Кешеден бері Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналис­т қауымын құттықтаушылар қатары толастар емес. Қалам мен микрофон ұстаған мәртебелі мамандық иелерін кәсіби мерекелерімен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов те құттықтады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Алғыс хатын бір топ журналиске тапсырған соң, елорда басшысының мерекелік тілегін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова жеткізді. «Сіздер елордамыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-­экономикалық дамуын жан-жақты ақпараттық тұрғыда жариялап, тұр­ғындар назарына жеткізуге ерекше үлес қосып келесіздер. Алдағы уақытта да ел өміріндегі маңызды жаңалықтарды жариялап, шынайы ақпарат жазатын қаламдарыңыз қарымды бола берсін» делінген қала әкімінің құттықтау сөзінде.
Шын мәнінде, журналист – талант пен білімді, ашықтық пен адалдықты талап ететін ерекше мамандықтың иесі. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері қоғам мен биліктің арасындағы сан қырлы байланыстың, ынтымақтастықтың дәнекері болып табылады.
Журналистер мерекесіне арналған шарада «Елорда Ақпарат» компаниясы құрамындағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттері мен «Елорда Инфо» сайтының басшылары мен ұжымдарына да марапат жасалды.
Төл мерекеміз құтты болсын, әріптестер!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button