Жаңалықтар

Қоғамдық кеңістіктер көбейеді

Тельман елді мекенінде футбол алаңы мен балалар алаңы бар үлкен аула пайда болды. Күн салқындағаннан бастап қоғамдық кеңістік кеңейтіледі. – Тельман елді мекенінің тұрғындары кездесу барысында ауданда абаттандырылған аулалардың жоқ екендігін айтқан еді. Биыл футболға арналған алаң мен балалар алаңқайы бар үлкен алаң салынды. Қоғамдық кеңістіктің аумағын кеңейтіп, конькимен сырғанау үшін мұз алаңын ашамыз. Бұл жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырылды. Мұндай алаңдар Потанин, Жүргенов және Кравцов көшелерінде де ашылды. Қала бойынша барлығы 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, – деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Сондай-ақ қала әкімі № 27 көшенің бойындағы тұрғындардың қалаға өту жолын айтарлықтай қысқарту үшін Nova city аумағында жол құрылысын жүргізіп жатқанын жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button