Елорда тынысы

Қоғамдық кеңістіктер көбейеді

Биыл елорданың Алматы ауданында абаттандыру жұмысы жүргізілетін қоғамдық кеңістіктер санын 10-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы айтты.

Былтыр аудан аумағындағы 8 қоғамдық кеңістік абаттандырылған. Биыл абаттандыру жұмысы жүргізілетін осындай нысандар санын 10-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ең үлкен жоба – ол Қ.Сәтпаев көшесін толық абаттандыру. Қазір бұл мәселені тұрғындармен талқылап жатырмыз. Яғни бұл аумақтарды қалай өзгертеміз, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау, балаларға арналған ойын алаңдарын қайда орналастыру керек деген сұрақтарды пысықтау үстіндеміз, – деді Мақсат Саматұлы.

Бүгінде ауданда 20 мыңнан астам жарықтандыру көзі бар. Оның ішінде 2022 жылы 9 мыңға жуық жаңа үлгідегі жарықдиодты шамдар ауыстырылған. Сонымен қатар 4,5 мыңға жуық шамдар шағын алаптар мен аудандарда ауыстырылған болатын. Көшелерді жарықтандыру жұмысы жалғасуда.

– Атап айтқанда, ауданымызда 344 көше орналасқан болса, оның 315-іне біздің аудан қызмет көрсетеді. Қалған 29 көше бүгінде теңгерімге тапсырылып жатыр. 2023 жылғы жоспарға келетін болсақ, біз 1,5 мыңға жуық жарықдиодты шамдарды ауыстырамыз деп отырмыз. Қорытындылай келе, жыл соңында біздің ауданымыздың 95 пайызы жарықдиодты шамдармен қамтамасыз етілетін болады. Мұндай жұмыс биыл Абылай хан даңғылы бойында да жүргізілмек, – деді әкім.

Сонымен қатар ол ауданда 2013-2020 жылдар аралығында апатты жағдайда тұрған 82 үй сүрілгенін жеткізді. 6 мың тұрғын өзге жерлерге қоныстандырылған. Былтыр 1 үй сүрілсе, биыл Алматы ауданында апатты деп танылған екі үй сүріледі. Тағы 12 үйдің қаупін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Әкім одан әрі аудандағы нысандарды газбен қамту шараларына тоқталды. Газдандыру жұмысының алғашқы жылында, яғни 2021 жылы Алматы ауданында газға 1,5 мыңнан астам жеке үй қосылды. Биыл барлық абонент газбен қамтамасыз етіледі. Олардың ішінде 4300 үй газға қосылған. Сонымен қатар 2300-ден астам шағын және орта бизнес нысандары мен 4 әлеуметтік нысан газға қосылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button