Елорда тынысы

Балаларға қуаныш сыйлады

Бас қалада «Жан жылуы» қайырымдылық шарасы аясында қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Етік киген мысық» мультфильмі тегін көрсетілді.

«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Астана қалалық филиалы ұйымдастырған көрсетілімді балалар үйінің және «Жас сарбаз тәрбиеленушілері, барлығы 50 бала тамашалады.

«Көрсетілім мақсаты – балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барынша қолдау көрсетіп, «Жас сарбаз» қатарына тарту. Бүгінгі шараға Астана қаласы әкімдігінің «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қорғау орталығы» мекемесінің және «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері келді. Осындай қайырымдылық шараларын ай сайын өткіземіз. Бұл көмек ретінде ғана емес, Астана балаларының пайдалы мәдени демалысы үшін де ұйымдастырылады» деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Астана қалалық филиалы жетекшісі Асхат Налшыбек.

Қайырымдылық шарасына қосылған «Кинопарк» кинотеатры ұжымы балаларға тәттілерді тегін таратты.

Дана Амангелді

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button