ЖаңалықтарҚұқық

Қос күдікті қолға түсті

Елордада құрылыс алаңынан 1 млн теңгенің арматурасын ұрлаған жасөспірімдер ұсталды.
[smartslider3 slider=163] 16 жастағы екі жасөспірім құрылыс нысанынан 1 млн теңгенің материалын ұрлап кеткен. Кәмелетке толмаған балалар бес күн бойы күзетсіз нысаннан әрқайсысының ұзындығы 6 метр болатын 39 дана арматураны алып шыққан. Ұрланған металдарды таяу маңда орналасқан металл қабылдау орнына сатып жіберген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында кәмелетке толмағандар қолға түсті. Полиция қызметкерлері ұрланған арматураларды тәркілеп, иесіне қайтарды.
Ведомство мәліметінше, ұсталған балалар кінәларын мойындады. Олардың елорда аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button