Жаңалықтар

Құрт кеселі құрықталып келеді

Биылғы тоғыз айдың көрсеткішіне сенсек, елордада туберкулез ауруына шалдығу – 25 пайызға, дерттен көз жұму оқиғасы – 49,5 пайызға азайған.

Мұндай жақсы көрсеткішке жетуге Астанадағы Туберкулезге қарсы диспансердің техникалық базасының жақсаруы да әсер етті дейді мамандар. Мұнда қосымша 5 фтизиопедиатриялық, 8 фтизиатриялық учаске ашылған екен. Бұған қоса, қалалық емханаларда туберкулезді ерте анықтау және емдеу шараларын уақтылы қабылдауды жүргізетін 11 фтизиопедиатр бар. Сондай-ақ, диспансердің өкпе-терапевтік бөлімі 10 дифференциалдық-диагностикалық кереует пен жабдықталып, сырқаттарға амбулаторлық кезеңде дәрі-дәрмектер беріп, ем-дом жүргізетін күндізгі стационар да іске қосылыпты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button