Қыстан қаймықпайды
Кеше Алматы ауданының 2013-2014 жылдарғы жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды.Онда баяндама жасаған аудан әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орыӘлихан Қуатбеков көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу кезінде инженерлік желілердің толығымен ауыстырылғандығын мәлім етті. «Мысалы, 122 жертөлеге жылуға кететін шығындарды біраз төмендетуге мүмкіндік беретін жылыту пункттері және 68 үйге электрожабдықтау құрылымдары орнатылып, 50 үйдің шатырлары күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, 53 үйдің кәріз жүйесі қалпына келтіріліп, 39-ының жылу құбырлары ауыс-тырылды» дейді Әлихан Жұмаханұлы. Дерегіне ден қойсақ, Промышленный, Интернациональный, Железнодорожный, Мичурин кенттеріндегі тұрғын үйлерге жүргізілген қосымша дайындық жұмыстары да аяқталған көрінеді. Бұл аудан бойынша биылғы жылу беру маусымына 59 білім беру, 16 денсаулық сақтау және 4 мәдени нысан толығымен дайын. Қалған 224 үйдің де коммуналдық қажеттіліктерін жуық арада қамтамасыз ету қарастырылған.
Аудан көлеміндегі 1012 көпқабатты тұрғын үйдің 84-і апатты жағдайда тұр. Әсіресе, Сембинов, Кенесары, Абай көшелеріндегі екі қабатты ескі үйлердің кезекті қыстың қаһарына тағы да төтеп беруі тиіс-ақ.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ