Жаңалықтар

Сайлаушылар тізімімен таныса аласыз

25 мамырдан бастап азаматтарға тиісті учаскелік сайлау комиссиясының ғимаратында сайлаушылардың тізімдерімен танысуға, сонымен қатар онда енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының сайлау учаскелерінде танысуға арналған сайлаушылардың тізімдері жария­ланды. «Нақты сайлау учаскесінде азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады» деп мәлімет берді Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссиясы. Азаматтарға тиісті учаскелік сайлау комиссия­сының ғимаратында сайлаушылардың тізімдерімен танысуға, сонымен қатар онда енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беріледі. «Әр азамат сайлаушылардың тізіміндегі өзі туралы мәліметті тексеруге және тізімге енгізілмегендігі, дұрыс енгізілмегендігі немесе тізімнен шығарылып тасталғандығы жөнінде шағымдануға, сондай-ақ сайлаушылар туралы мәліметтерде жіберілген қателіктерді тексеруге құқылы» делінген сайлау комиссия­сының хабарламасында. Тізімге енгізу туралы, одан шығарып тастау немесе тізімге түзетулер енгізу қажеттігі туралы арыздарды учаскелік сайлау комиссиясы арыз келіп түскен күні қарайды. Арыз­данушы үшін оң шешімнен кейін сайлау­шылар тізіміне түзету немесе енгізілмей қалған сайлаушыны тізімге енгізу шұғыл түрде сайлау комиссиясымен жүргізіледі. Арыз мақұлданбаған жағдайда, сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызы мақұлданбағандығы туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi.
Шешім сотта қаралуы мүмкін. Сайлаушы тұратын орнын ауыс­тырған жағдайда, сайлаушы учаскелік сайлау комиссиясынан дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алады. Есептен шығару куәлігі жазбаша өтініш пен жеке куәліктің ұсынылуы негізінде 2019 жылғы 25 мамыр-8 маусым аралығында сағат 18:00-ге дейін беріледі. Учаскелік сайлау комиссиялары күнделікті сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button