Sport

САЛАУАТТЫ ШАҺАРДЫҢ САЛТЫ



2016 жылғы 15 тамыздан бас­тап «Спорттық Астана, сау Астана!» атты бірегей акциясын бастады. Оның мақсаты – астаналықтарды спортқа баулу. Акцияның ұраны – «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде».

IMG_3128

Көңілді старттар

Акция 15 тамызда басталып, 15 қыркүйекке дейін өтеді. Осы уақыттың ішінде елордалық спорт алаңдарында қызықты спорттық жарыстар ұйымдастырылады, оған ниет білдіргендердің бәрі де қатыса алады. Мысалы, әр демалыс сайын Астананың тоғыз паркінде сағат 18.00-20.00 аралығында зілтемір, гір көтеруден жарыстар, стритбол, шахматтан сайыстар, арқан тарту ұлттық ойыны, сондай-ақ, отбасыға арналған «Көңілді старттар» өткізілді.
Жарыстарға 5-6 жастағы балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Мұнда күн сайын 4500-ге жуық адам өнер көрсетті. Қатысушылар естелік сыйлықтармен және жүлделермен марапатталды.
Аула клубтарының арасында өткен «Көңілді старттарда» қала тұрғындары тұтастай отбасыларымен қатысты.

«Астана марафоны 2016»

4 қыркүйекте өтетін «Астана марафоны – 2016» халықаралық қайырымдылық шарасы акция аясындағы ерекше оқиға болады. Оған 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.
Қайырымдылық марафонға танымал тұлғалар мен мемлекеттік қайраткерлер қатысады.
Сондай-ақ, таяу және қиыр шетелден 23 мемлекеттен атлеттер, елшіліктер мен халықаралық компаниялардың қызметкерлері қатысады.
Атап айтқанда, Ұлыбритания, Малайзия, Польша, Чехия, Италия, АҚШ, Қырғызстан, Франция,
Австралия, Германия, Иран, Ресей, Ирландия, Бельгия, Эстония, Бразилия, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Венесуэла, Түркия, Грекия, Жапония елдерінің өкілдері марафонда бағын сынайды.
Елордада марафонды өткізуге байланысты сағат 7.30-14.00 аралығында орталық көшелерде қозғалыс тоқтатылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына уақыт үнемдеп, жолдарда дау туғызбас үшін өз бағдарларын алдын ала жоспарлап алуы қажет. Астана қаласының әкімдігі уақытша ың­ғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Жарыстар. Турнирлер. Чемпионаттар

4 қыркүйекте Марафоннан басқа, Астанада 15 артық жалпықалалық спорттық шара өткізу жоспарланған. Оған 7000-ға жуық елорда тұрғыны мен қонағы қатысады деп күтілуде.
Мысалы, «Жерұйық», «Аста­налық», «Астана Триатлон» сая­бақтарында асық ату, арқан тарту жарыстары, сонымен қатар, веложарыс өткізіледі. Жарыстар 4 қыр­күйекте сағат 10.00-де басталады, оған қатысуға ниет білдіргендерге есік ашық. Жақын аймақтардың және елор­далық спортшылардың арасында үстел теннисінен, шахматтан, шағын футболдан, жеңіл атлетикадан, су полосынан және ат спортынан турнирлер ұйымдастырылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
4 қыркүйекте «Барыс» спорт кешенінде елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған ашық есік күні өтеді. Шара аясында кез келген адам мұз айдынына шығып, «Барыс» ХК жетекші бапкерлерінің шеберлік сыныптарына қатыса алады. 2016 жылғы 5-15 қыркүйек ара­лығында акция аясында 2000 артық адам қатысатын 10 шара өткізу жоспарланған. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 10 қыркүйекте№71 ОМ Есіл ауданының мектеп мұғалімдерінің арасында волейболдан турнир өтеді.
11 қыркүйекте «Астана Триатлон» саябағында «Отбасылық Дуатлон» өтеді. Ата-аналар мен балалар осы жарысқа бірге қатысып, салауатты өмір салтының қажеттілігін көрсетпек.
Акция аясында велоспорттан Қазақстан Республикасының Чемпионаты (4 күндік топтық жарыс), қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогы, таэквондодан «Корея елшілігінің кубогы» республикалық турнирі өтеді.
2016 жылғы 7-10 қыркүйек ара­лығында «Қазанат» ипподромы аумағында «Астана жұлдызы» спорттық жарысы өтеді. Аталған жобаның негізгі міндеті – өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлеріне, салт-дәстүрлерге, мәдениет пен тұрмысқа баулу. «Астана жұлдызы» көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, теңге алу және т.б. ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Жобаға еліміздің үздік спортшылары қатысады.
11 қыркүйекте Қабанбай батыр ауылында ат спортына әуес жандар 51 шақырымдық аламан бәйгеде «Алтын Тұлпар» атағы са­рапқа салады. Жарыс «Қазспорт» және «Қазақстан» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қалалық әкімдік барлық астана­лықтарды отбасыларымен бірге спортпен шұғылдануға шақырады. Бұл үшін барлық аудандарда және әр аулада қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Ендеше, бір сәт тынығып, бұқаралық спорттық шараларға қатысып, таза ауада серігіп қайтыңыздар.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button