Ел тынысы

Сарыарқа ауданында қамыс пен арамшөп шабу жұмыстары басталды

«Қыста қолайсыз, жазда – қауіпті»: Сарыарқа ауданында қамыс пен арамшөп шабу жұмыстары басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

8 сәуірден бастап коммуналдық қызметкерлер қамыс пен арам шөпті шабуға кірісті. Күнделікті режимде құрғақ өсімдіктер аула аумақтарында және бос жерлерден жойылуда. Білім беру мекемелері мен басқа да әлеуметтік нысандар маңындағы учаскелерге ерекше көңіл бөлінеді.

«Қатты ыстықта бұл өсімдіктер тез тұтанады, ал от тез тарайды. Осы жағдайлардың алдын-алу үшін біз камысты жою жұмыстарын бастадық. Қазіргі уақытта 5,4 гектардан астам жер орылды», – деп атап өтті Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Атажан Нұрбек.

Бұл жұмыстар қысқы маусымға дейін жалғасады.

Сондай-ақ, коммуналдық қызмет мамандары субұрқақтарды қыс айларында суықтан қорғаған конструкцияларды бөлшектеу жұмыстарын бастады. Қорғаныс жабындарын алып тастағаннан кейін механизмдер кір мен тоттан тазаланады. Бұдан әрі субұрқақтарды тексеріліп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Аудандық аппараттың балансында 12 субұрқақ бар:
1. «Жастар театры» субұрқағы;
2. «Айналмалы шар» субұрқағы;
3. Атырау субұрқағы;
4. «Әлия Молдағұлованың ескерткіші» субұрқағы;
5. «Ақжайық» саябағындағы субұрқақ.
6. Абай даңғ. – Желтоқсан көшесі қиылысындағы субұрқақ;
7. Мәскеу көшесіндегі саябақтағы субұрқақ;
8. «Сирень» субұрқағы
9. Субұрқақтар каскады.
10. Қалалық алаңдағы субұрқақ (қалалық әкімдік ғимаратының алдында)
11. «Қазақ драма театры» субұрқағы
12. «Өмір ағашы» субұрқағы

Субұрқақтар 1 мамырдан бастап жұмыс істей бастайды.

Қазіргі уақытта, сондай-ақ, ағаш отырғызу алдындағы дайындық жұмыстары белсенді жүруде.

2024 жылы 10 700 жасыл желек, соның ішінде көпжылдық гүлдер, жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызу жоспарланған.

«Қазіргі уақытта ағаш отырғызу алдындағы дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізудеміз. Сәтті отырғызудың негізгі аспектілерінің бірі – топырақтың жай-күйі. Өсімдіктердің дамуы топырақтың сапасына байланысты екенін түсіне отырып, оны арамшөптерден тазартуды, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жыртуды және енгізуді жүзеге асырудамыз. Одан бөлек, отырғызуға арналған шұңқырларды дайындауға ерекше көңіл бөлеміз. Әрбір шұңқырдың жас ағаштардың өсуі мен дамуы үшін белгілі бір параметрлері бар. Оған диаметрі 60-80 см және тереңдігі бір метрден сәл аз шұңқырлар дайындалады. Бүгін әріптестерімізбен дайындық жұмыстарының орындалуын тексердік және жасыл желектерді отырғызу кезеңінің басталуына дайын екенімізге сенімдіміз. Ағаш отырғызу осы аптада бастау жоспарланған», – дейді аудан әкімі Бауыржан Ералы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button