Ел тынысы

Заңсыз қоқыс шығарған жүргізушілерге айыппұл салынды

Құрылыс қоқыстарын заңсыз шығарған ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Алматы» ауданы әкімінің тапсырмасымен ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері құрылыс қоқыстарын шығарғандары үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі бойынша 30 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның сомасы 55 380 теңгені құрайды.

ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!
Әрқайсымыз өз ортамыздағы тәртіп пен тазалықты сақтауда маңызды рөл атқаратынымызды есте ұстаған жөн.

Қалдықтарды рұқсат етілмеген полигондарға шығаруға байланысты заң бұзушылықтардың куәгері болсаңыздар, бейжай қарамауларыңызды сұраймыз. Құқық бұзушылықты суретке немесе бейнеге түсіріңіз – бұл маңызды дәлел бола алады және тергеу жүргізуге көмектеседі.

Барлығымыз үшін жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын құру үшін бірге жұмыс істейік», – делінген хабарламада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button