SportЖаңалықтар

Сатылған билет – 2,4 миллион

Ресейде чемпионаттың ашуына 7 күн қалған кезде 2,4 миллионнан астам билеттің сатылып кеткені белгілі болды. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) баспасөз қызметі хабарлады.

«ФИФА осы кезге дейін 2 миллион 403 мың 116 билеттің сатылғанын сеніммен айта алады» делінген хабарламада.
Чемпионат ойындарына билет сату 2017 жылғы қыркүйекте басталды. Билеттің басым бөлігін (871797) Ресей тұрғындары сатып алған. Шетелдік жанкүйерлер арасында өз елдерінің құрамалары мундиальға жолдама ала алмай қалса да, белсенділік танытқан америкалықтар алда тұр (88825). Бұдан кейінгі орындарда Бразилия (72512), Колумбия (65234), Германия (62541), Мексика (60302), Аргентина (54031), Перу (43583), Қы­тай (40251), Австралия (36359) және Англия (32362) фанаттары келеді.
Қы­тай (40251), Австралия (36359) және Англия (32362) фанаттары келеді.
Осылайша сатылған билеттің 54 пайызы шетелдік жанкүйерлерге бұйырған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button