#Жаңа Қазақстан

Саяси белсенділікті сайлау көрсетеді



        Демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігін сайлауға қатысу деңгейінен байқауға болады. Себебі әділ өткен сайлау елдің экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайына тікелей әсер етеді.

Биыл осы айда елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткелі жатыр.  Кандидаттардың сайлауалды штабы құрылып, өңірлердегі сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізуде. Осылайша 2022 жылды жаңадан сайланатын президентпен аяқта­ғалы отырмыз. Қоғам әділ сайлау күтеді. Бұл сайлау «Жаңа Қазақстан» деп аталған дәуірдегі жаңа сайлау болмақ. Осы сайлаудан бастап, президентті тек бір мерзімге сайлаймыз. Сондай-ақ жаңа сайлау бюллетенінде «барлығына қарсымын» деген баған енгізіледі.

Сайлау еліміздің өркендеп өсуі мен қанатын кеңге жайып, келешек күніміздің жарқын болуы үшін керек. Өйткені ғасырлар бойы азаттықты аңсаған бабаларымыздың арман-тілегі енді орындалып жатыр. Дәл сол секілді болашағымыздың да баянды болуы бізге байланысты. Әр адам өзі сүріп жатқан ортаның ыстығына күйіп, суығына төзгенде ғана елдің өркендеуі, мемлекеттің дамуы алдыңға орынға шығады. Сондықтан мемлекеттілігіміз үшін сайлауда дұрыс шешім қабылдау, дауыс беру аса маңызды.

Қазақстан қазір жаңа заман мен жаңа кезеңнің алдында тұр. Оны одан сайын өркендетіп, дамыту – сіз бен біздің үлесімізде. Осы тұста айта кетерлігі, «Менің дауысым маңызды болмас» деуге болмайды. Барша азаматтар осы сайлауға бір ауыздан, үлкен белсенділікпен қатысуы керек. Солай ғана дамуымыздың келесі кезеңіне көше аламыз. Сондықтан бәріміз біріміз үшін сайлауда белсенділік танытайық!

Есжан ҚАЛИЕВ,

№6 қалалық емхана директорының

емдеу-алдын алу жөніндегі орынбасары




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button