Қала мен СалаҚала тіршілігі

ШУАҚ ТӨГІЛГЕН ШЕРУЛЕР

Биыл еліміз бойынша Халықаралық балаларды қорғау күні өзгеше өтті. Балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі елдің барлық өңірлерінде және Астана мен Алматы қалаларында бір мезгілде таңертеңгі сағат 11-де басталды. 

????????????????????????????????????

Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып отырған шараға астаналық 4 мыңнан астам жеткіншек қатысып, елорда көшелерімен жүріп өтті. Бұл күні Балалар күніне орай ұйымдастырылған түрлі мерекелік шараларды астаналық 30 мыңнан астам өрен тамашалады.
Астана қалалық Білім басқармасы да бұл күннің, дәл осы шерудің ерекше өтуіне атсалысты. 60-қа жуық музыкалық және шығармашылық ұжым осы алаңдағы шеруде сап түзеді. Олардың арасында барабаншылар, үрмелі аспаптар оркестрлері мен ансамбльдері, жастар мен балалар хоры, тіпті, Қорғаныс министрлігінің үрмелі аспаптар оркестрі мен мемлекеттік академиялық филармония музыканттары да өнер көрсетті. Қала әкімдігі ғимаратының алдынан басталған шарада, ең алдымен, «Қара жорға» флешмобы биленді. Бұдан кейін қатысушылар орталық алаңнан Бейбітшілік көшесі бойымен Абай көшесіне, одан кейін Республика даңғылын бойлай, Кенесары көшесіне дейін жаяу жүріп өтті. Қатысушылардың біркелкі киім үлгісі әсерлі көрініп, мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Балалардың көңілдерін көтеріп, бас қаланың тұрғындарына арналған ауқымы кең шеруге студенттер, мұғалімдер, колледждер мен жоғары оқу орындарының ұстаздары, ата-аналар мен мәдениет және спорт салаларының өкілдері де атсалысты. «Бүгінгі шара, әсіресе, балаларға ерекше бақыт сыйлады. Барлық ата-­аналар балаларын алып шығып, қала бойынша тұтастай той болып жатқандай әсерде тұрмыз. Біз де өз кезегімізде осы шараға атсалысып, балалардың осындай риясыз, жарқын күлкілеріне куә болғанымызға ризамыз» дейді № 49 орта мектептің мұғалімі Закира Ералиева.
Халыққа шат-шадыман көңіл-күй сыйлаған бұл шерулі шара еліміздегі ерекше оқиғалардың бірі болды.

Гүлжан
РАХМАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button