Басты ақпаратҚала мен Сала

ЖЕРДІ БАСЫП АЛУ оқиғасы ҒАРЫШТАН бақыланады

«Әкімдікке өтініш жазып, жер алуға кезекке тұрып алсаңдаршы». Осы сөзді туысқандарымыздан, достарымыздан бір емес, бірнеше мәрте естідік. Бұған аса құлықты болмадық. Оның үстіне өтініш жазсақ, жерді жуырда ала қоятынымызға сеніңкіремедік. Шыны керек, мұқтаждықты да сезініп отырған жоқпыз. Алайда Астанадан жер алып, баспана тұрғызып алуды армандайтын адамдардың саны аз еместігін шамалаймыз. ҚР Жер кодексіне сәйкес те әр Қазақстан азаматы тұрғын үй салу үшін 10 сотық жер телімін тегін ала алады. Бір ғана мәселе – сол телімнің аумағына инженерлік желілер, су мен жарық тартылған болуы керек.

Заңдарға бағынатын халық жер теліміне кезегінің келуін сабырлықпен күтіп отырса, заңға пысқырмай, мемлекетке тиісілі жерді басып алғандар да бар болып шықты. Мәселен, Астанада жыл басынан бері осындай заңсыздық үшін 285 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басып алынған жер телімдерінің жалпы аумағы 25, 4 гектарды құрады. Бүгінгі күнге 117 заңбұзушылыққа жол бергендер өз еркімен жағдайды түзеді, 103 заңбұзушылық бойынша сот заңсыз салынған нысандарды сүру жөнінде шешім шығарып, 65 факт бойынша материалдар сотта жатыр

Нақты Астанаға келсек, қазіргі таңда қалада инженерлік желілермен қамтамасыз етілген бос алаңдар жоқ болып тұр. Сондықтан баспана тұрғызуға жер телімін беру мүмкін болмай отыр. Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы, бас мемлекеттік инспектордың орынбасары Ерболат Күмпейісовтің айтуынша, елордада соңғы рет жер телімдері 2007 жылы берілген. Ол уақытта Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, олардың жесірлері мен өзге де осындай жандарға теңестірілгендерге 1120 жер телімі берілді. Арада он жыл өтті. Бүгіндері тегін жер телімін алу кезегінде 120 мыңға жуық адам жиналып қалды.
«Қалада жеке тұрғын үй соғатын дайын алаңдар болмағандықтан келесі жылға дейін жер телімдері берілмейді. Бірақ бәрі осылай тұра бермейді, қаланың бас жоспарына сәйкес 2030 жылға дейін 15 мыңға жуық телім бере алатынымызды шамалап отырмыз. Ал қазір жер телімін алуға деген сұраныс бас жоспардың жобалық қуатынан 7 есе асып тұр» дейді Ерболат Болатбекұлы.
Заңдарға бағынатын халық жер теліміне кезегінің келуін сабырлықпен күтіп отырса, заңға пысқырмай, мемлекетке тиісілі жерді басып алғандар да бар болып шықты. Мәселен, Астанада жыл басынан бері осындай заңсыздық үшін 285 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басып алынған жер телімдерінің жалпы аумағы 25, 4 гектарды құрады. Бүгінгі күнге 117 заңбұзушылыққа жол бергендер өз еркімен жағдайды түзеді, 103 заңбұзушылық бойынша сот заңсыз салынған нысандарды сүру жөнінде шешім шығарып, 65 факт бойынша материалдар сотта жатыр.
Ерболат Күмпейісовтің сөзінше, жерді басып алғандарды жедел анықтау және мұндай фактілермен күресу мақсатында қала әкімдігі жанынан жұмыс тобы құрылды. Бұл топ құрылғаннан бері заңсыз тұрғызылған павильондар, дүңгіршектер, гараждар, дөңгелек жөндеу орындары, т.б. осындай 600 нысанды анықтап, оның салдарын жойды.
«Жер телімдерін басып алу негізінен қаланың орталығында емес, шаһардың шеткері аймақтарында орын алады. Әсіресе, Өндіріс және Кирпичный тұрғын алаптарында жағдайды ерекше бақылауға алдық. Жерді басып алудың жаңа фактілерін болдырмас үшін учаскелік инспекторлар бекітілді. Сонымен бірге «Газовик», «Икарус», «Полет», «Полянка», «ВРЗ-3», «Зеленая роща-1», «Зеленая роща-2» саяжай аумақтарын жұмыс тобы мұқият тексеруде» дейді ол.

Заңдарға бағынатын халық жер теліміне кезегінің келуін сабырлықпен күтіп отырса, заңға пысқырмай, мемлекетке тиісілі жерді басып алғандар да бар болып шықты. Мәселен, Астанада жыл басынан бері осындай заңсыздық үшін 285 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басып алынған жер телімдерінің жалпы аумағы 25, 4 гектарды құрады. Бүгінгі күнге 117 заңбұзушылыққа жол бергендер өз еркімен жағдайды түзеді, 103 заңбұзушылық бойынша сот заңсыз салынған нысандарды сүру жөнінде шешім шығарып, 65 факт бойынша материалдар сотта жатыр
Бүгінгі таңда ҚР Бас прокуратурасымен бірге «Жер заң бойынша – жерді жаппай басып алуды тоқтатайық» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаның аясында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ нақты уақыт режимінде жерді басып алудың ғарыштан түсірілген суреттерді ұсынады.
Ерболат Болатбекұлының айтуынша, бұл мәселеге бейжай қарамайтын жұрттың көмегі де керек. Осындай заңсыздыққа жолыққандар қала әкімдігі сайтындағы «Жер заң бойынша» бөліміне хат жаза алады немесе 55-04-31, 55-14-94 телефон нөмірлеріне Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасына хабарлай алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button