Руханият

Сіз оқыған соңғы кітап…

Сая ҚАСЫМБЕК, драматург:

– Соңғы кездері тарихи дерекке негізделген кітаптарға аңсарым ауды. Драматург болғандық­тан, жазған дүниемізді құжаттық деректермен толықтырып отырған абзал. Дәл қазір Қытайдан келген Нығмет Мыңжанидің қазақ тарихына қатысты кітабын және Бекасыл Биболұлының «Зикзал» атты туындысын бас алмай оқудамын. Сонымен қатар, Абайдың қара сөздері мен Чеховтың еңбектерін қайталап оқи беруді әдетке айналдырып келемін.

Жазира БАЙЫРБЕК, әнші:

– Соңғы сатып ал­ған кітабым «Әлдиден эпосқа де­йін» атты отбасылық хрестоматия. Бұл жинақ – бесік жырынан бастап, тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, бата беру, Қисса сүл-әнбия хикаялары, батырлар жырына дейінгі құнды дүниелерді топтас­тырған этнопедагогикалық еңбек. Бұл жинақ әр қазақ отбасының төрінен орын алуы тиіс деп ойлаймын.

Асылбек Снадин, сарапшы:

– Жақында Астанада «Лайбрари лоундж» деген кафеде болдым. Кәсіпкердің ісіне ризамын. Кітап сөрелерін толтырып кәдімгі «лоундж бар» жасап қойыпты. Таңдаған кітабыңды оқып отырып, шайыңды ішесің. Талғампаз оқырманға таңдау аз демесең, негізгі идеясы ұнады. Мүмкін заманға сай құнды кітаптарды оқырмандарға шай беріп отырып оқытқан дұрыс-ау деп ойладым. Шағын кафе иесі велосипед ойлап таппаса да, оқырман қауымға жағдай жасап отыр. Кезінде Эйнштейннің студент кезінде Германияда осындай студенттік кафелердің болғанын оқыған едім. Жалпы, дәл қазір Джордан Питерсон мен Нассим Талебтің еңбектерін оқып жүрмін.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button